Мәжіліс спикері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпардың финалына қатысты. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көрермендерге жарқын эмоциялар сыйлаған нағыз спорт мерекесіне айналғанын ерекше атап өтті. Ойындар ұлттық спорт түрлерінің тартымдылығы мен бірегейлігін, көптеген бауырлас халықты біріктіретін көшпенділердің тарихының рухын сезінуге мүмкіндік берді. Бұл он мыңдаған шетелдік қонақтың қазақтың ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпымен тереңірек танысуына да жол ашты. Көкпардан тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан басым түсті. Үздіктер арасынан суырылып шыққан қос команданың кездесуі әсерлі сәттерге толы болды.