Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқаш маңындағы газ құю бекетінде автокөлік жарылды

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2024
  • 122

 Балқаш қаласының маңында газ құю бекетінде автомобиль салонындағы газ-ауа қоспасы жарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарылыстан әр түрлі дәрежедегі күйік алған 38 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын Astana TV телеарнасы жеткізді.

Құтқарушылар жүргізушілерге көліктің техникалық жарамдылығын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.