Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің мектептерінде біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді

Білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Енді мұғалімдер балаға сапалы білім ғана беріп қоймай, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені қоса сіңіреді. Жаңа жобаның жүзеге асуына Астана қалалық білім басқармасы себеп болып отыр. Ол қандай жоба? Толығырақ әріптесім Дәрібек Бахытбек айтады.

Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Әрине, тектілігі тереңнен тамырланған бала тәрбиесіне білім ұясында ерекше мән беріледі. Елордадағы №91 мектеп-гимназиясында мұғалімдер осы қанатты қағиданы ту еткен. Оқушылар сабақтан тыс уақытта асық ойнап, зергерлік бұйымдар жасаумен, тігін-тігумен айналысады және түрлі аспаптарды меңгереді. Сондай-ақ ұлттық киімді насихаттайды. Бойына рухани құндылықты, ұлттық мүддені сіңірген оқушы қашанда отанын, елін, отбасын сүйетіні анық.

Білім ошағында балалардың жан-жақты білім алуына, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Әр қабаттың өзіңдік атауы бар. Тіпті, мұғалім оқушылармен үзіліс кезінде де бірге болады.

ӘСЕМГҮЛ РАХЫМЖАНОВА, №91 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

Ең бірінші мынау балалармен әртүрлі ұлттық ойындар ойналады. Одан кейін бізде 15 минуттық үнемдеу деген бар. Онда балаларға үнемшілдік туралы айтылады. Одан кейін бізде бұрынғы кезде қоңырау жәй сыңғырлаған қоңырау болса, қазіргі қоңырау домбыраның үнімен.

Астанада 100 ден аса мектеп бар. Олар да бала тәрбиесінде жаңартылған әдісті пайдалана бастады. Әр аптаға атау беріп, сол бойынша баланың бойына жақсы дағдылар қалыптастыруда.

ЖАНГЕЛДІ ӘМІРҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы барлық жоспарларды, сонымен қатар бағдарлама аясында көрсетілген жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Оның бірі мына аптаның әрбір күнің тақырыпқа бейімдеп. Аптаның бірінші күні әдеп күні болса. Екінші күні денсаулық күні. Үшінші күні кәсіби бағдар күні. Төтінші күні үнемді тұтыну күні. Бесінші күні ұлттық құндылықтар күні.

Жаңа әдістемеге бағдарламаны енгізу бойынша қаладағы барлық мектепте оқыту семинары өтті. Оған 10 мыңнан аса педагог қатысқан.