Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда шетелдегі қандас кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өтіп жатыр

Алматыда шетелдегі қандас кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өтіп жатыр. «Отандастар» қоры ұйымдастырған басқосуға әлемнің 12 елінен 50-ден аса қандас кәсіпкер келген. Олар отандық бизнес өкілдерімен өзара тәжірибе алмасуда. Форумның мақсаты – шет өлкені мекен еткен этникалық қазақтарды еліміздің экономикалық дамуына тарту және олармен етене берік қарым-қатынас орнату. Елімізде өз кәсібін ашқан шетелдік кәсіпкерлерге арнайы қолдау көрсетілмек. Сондай-ақ, шетелдегі қандас кәсіпкерлердің кеңесін құру көзделіп отыр. 

ДАНИЯР ҚАДЫРОВ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі таңның өзінде бір-бірімен араласып, осы Қазақстанға инвестиция тарту, Қазақстанның көркеюіне үлестерін қосайын деп, ағайындар кеп жатыр. Құрылыс саласындағы отандастарымыз бар, сонымен бірге логистика саласындағы отандастарымыз бар, білім беру, креативті индустрия жағынан отандастарымыз келіп, ұсыныстарын жасап жатыр.