Иә, несие халықтың "бас ауруына" айналды. Бүгінде 8,5 млн қазақстандықтың қаржы ұйымдары алдында 18 трлн теңге борышы бар. Қарызбен жан бағып, несиесіз күнін елестете алмайтын тұрғындарға кім көмектеседі? Тығырықтан шығар жол қандай? Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша маманмен әріптесім Мөлдір Жақан тілдесті.
МӨЛДІР ЖАҚАН, ЖУРНАЛИСТ:
Қайырлы кеш! Эфирде «Сарапшы пікірі» айдары. Сіздермен – Мөлдір Жақан. Студия қонағымызбен таныс болыңыздар, «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы – Рауан Ерғалиев. Рауан мырза, қош келдіңіз!
- Қазір халықтың несиеге белшеден батқаны жасырын емес. Бұл мәселе өте өзекті, ауқымды болып отыр. Оны Президент Жолдауында айтты. Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру маңызды. Осы орайда «Қарызсыз қоғам» жобасының жұмысын атап өткен жөн. Бұл жобаға кімдер қатыса алады?
- Былтыр 65 мың адам осы жобаға қатысып, қаржылық сауаттылығын арттырды. Нәтиже қандай?
- Білуімше, сіздер қаржыны тиімді жұмсау, ақша жинау, оны мақсатты пайдалануды үйретіп қана қоймай, кәсіп бастауға да көмектесесіздер?
МӨЛДІР ЖАҚАН, ЖУРНАЛИСТ:
Уақытыңызды бөліп, студияға келгеніңіз үшін көп рақмет! Еңбектеріңіз жаңа берсін!
Құрметті көрермен, айта кету керек, биылғы оқу жылынан бастап барлық білім мекемелерінде қаржылық сауаттылықты оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бұл жас ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілікті түсініп, ерте бастан бизнестің қыр-сырын үйренуге ықпалын тигізбек.
Ал біз сіздермен қоштасамыз! Әр қазақ несиесіз-ақ бай-бақуатты болсын!