Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында астық ору науқаны кешеуілдеп жатыр

Павлодар облысында жауын-шашын салдарынан астықтың 25 пайызы ғана орылды. Жылдағы дәстүр бойынша бұл уақытта орақ науқаны аяқталу керек болатын. Екі-үш аптадан бері жаңбыр құйып тұр. Диқандар техниканы қаңтарып қоюға мәжбүр. Негізі егін бітік шыққан. Былтырғыдан қарағанда 3 есеге артық. Бірақ бәрінен де қатты ылғалдан бидай шіріп кетуі мүмкін. Шаруалар осыған алаңдап отыр.

ЕСЕНТАЙ МҮРСӘЛІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Элеваторларға қазір 6,5 мың тонна бидай әкелінді. Ылғалдығы 18-20 пайыз. Оны кептіру керек. Бұл қосымша шығын. Жауын салдарынан егіннің өнімділігі азайып барады. Басында 12 центнерден жиналған. Ал қазір 11 центнер ғана.