Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда тағы 16 бала ұшынып қалды

Маңғыстауда тағы балалар ұшынып қалды. Бұл жолы болжам бойынша, астан емес, судан болуы мүмкін. Бейнеу ауылындағы мектептің 16 оқушысы іш ауруы шағымымен аудандық жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Қабылдау бөлімінде оларға ем жүргізілді. Мамандар мектеп асханасынан үлгілер алып сараптамаға жіберді. Қазір балалардың жағдайы жақсы. 

БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазір балалардың жағдайы жақсы. Барлығы үйлерінде жіберілді. Бүгін мектепке келді. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ.