Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәдениет және ақпарат министрі Санкт-Петербургте ресейлік әріптесімен кездесті

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Санкт-Петербургке барды. Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы аясында ресейлік әріптесі Ольга Любимовамен кездесті. Тараптар шығармашылық мамандық өкілдері үшін біліктілікті арттыру бойынша бірлескен курстар, креативті индустрияда ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірыңғай жоспарды жүзеге асыру жайын талқылады. Аида Балаева сондай-ақ театр, концерттік іс-шаралар, музей ісі мен креативті индустрияны қамтитын үш жылдық мәдени ынтымақтастық жоспарын әзірлеуді ұсынды. Бұл жоспардың басым бағыттарының бірі – дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттау. Айта кетейік, мәдени өзара іс-қимыл аясында биыл күзде Астрахань мен Қазан қалаларында "Қазақконцерт" ұйымының гастрольдерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

АЙБЕК СЫДЫҚОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ресеймен, Жапониямен, Түркиямен және Қытаймен бірлескен жобаларымыз туралы айттық. Ол жерде бізде ғылыми бағыттағы жұмыстарымыз. Соңғы жылдары ұттық музей археологиялық этнографиялық экспедиция сияқты жүзеге асырып отыр. Бұл бір жағынан жаңадан табылған есерткіштерді тізімін нақтыласа, екінші жағынан музейдің қорын толықтырып отыр. Бұл жобаның біз үшін маңызы зор.