«Нұр
Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы өңірдегі екі студенттің оқу ақысын
төлеп берді. Соның бірі - «Аспара» колледжінің шаштараз мамандығы бойынша 3-ші
курс студенті Ержан Әлметов. Биыл ол диплом алады. Алайда, бір жылдық оқу
ақысын толық төлеуге тұрмысының төмендігі кедергі келтірген. Тығырықтан шығар
жол таппаған тәлімгер, бірден бас партияның қоғамдық қабылдауында болып, көмек
сұрапты.
Тараз мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенті Әділжан Жексенұлы
да оқу ақысын төлей алмай қиналған.
Жылына 300 мың теңге төлеуі тиіс. Ата-анасынан жастайынан жетім қалған
жігіттің өтінішін қараған қоғамдық қабылдау бөлмесі оның 4 жылдық оқу ақысын 2
күн ішінде толық төлеп берген.
Әділжан Жексенұлы,ТарМУ студенті:
Тараз қалалық «Нұр Отан» филиалына үлкен рақметімді айтамын. Осы өтініш жазып, өтінішімді қарағаны үшін де рақмет. Осы өтініштің арқасында қазір жеңілдік алдым, тегін оқудамын.
Арын Асқарбеков, "Нұр Отан" партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Демеушілердің
арқасында бүгінгі таңда аталған қаржы толық төленіп көмек көрсетілді. Мұндай
қайырымдылық іс-шаралары әлі де жалғасын табатын болады. Әрине, болашақта тек
қана демеушілердің немесе оқу орындарының басшыларының көмектесу жолымен емес,
басқа да жолдарды қарастырып, көмектесе беретін боламыз.