Русский Сайттың толық нұсқасы

Кісі қолынан өлген Айгүл Сайлыбаеваның енесі сол күйі табылмады — Германия прокуратурасы

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2024
  • 84

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Дармштадт қаласының (Германия) прокуратурасы ресми сауалға берген жауабында хабарлады. 

Қазіргі уақытта қамауға алынған ешкім жоқ, дәлелдер әлі де сарапталып жатыр.

«Тергеу амалдары жалғасуда, атап айтқанда, қосымша айғақтарды талдау қажет. Осыған байланысты тергеу әзірше аяқталмайды. Қамауға алынғандар да жоқ. Бұдан басқа, қазіргі уақытта туыстарының қайда екені туралы ақпарат жоқ», — деп түсіндірді аға прокурор Йоахим Хаусшильд. 

Прокуратура тергеуге қанша қызметкер қатысқанын хабарламады. 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.