Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус инфекциясынан кейін кәмелет жасына толмаған балалардың миы қартайып кеткен

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2024
  • 370

АҚШ ғалымдары бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясынан кейін жасөспірімдердің миының қартайып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, жеткіншек қыздардың миы орта есеппен 4 жыл екі айға, ал ер балалардың миы бір жарым жылға қартайып кеткен.

Ғалымдар балалардың пандемияға дейін түсірілген ми қыртысының суреттерімен одан кейінгі суретін салыстырған кезде, өзгерістерді байқаған. Зерттеушілердің сөзінше, жасөспірімдер стресске бейім, әрі миы да аса сезімтал келеді. Індеттен кейін балалар миының қартаюының жеделдегені осыдан деп есептейді.

Ғалымдардың дерегіне сәйкес, мұны қалыпқа келтіру үшін жеткіншектерге психикалық қолдау көрсету маңызды.Балаларды әлеуметтік желілерден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау керек дейді олар.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ведомствоның мәліметінше, биыл жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 1290 жағдайы тіркелген. Көп жағдайда ауру жеңіл өтеді дейді.