Русский Сайттың толық нұсқасы

Айбек те назардан тыс қалмады: кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне көлік сыйлады

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2024
  • 239

Кәсіпкер Сырымбек Тау желіде видео жариялады. Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Нұрбек Оралбай және Назым Қызайбайға бір-бір көліктен мінгізді. Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсеткен Айбек Оралбайды да назардан тыс қалдырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Айбек екеумізді бөліп-жармай, екеумізге де темір тұлпар мінгізді. Алла разы болсын, ағалар!"- деп жазды боксшы Нұрбек Оралбай әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кәсіпкер Сырымбек Тау желіде видео жариялады. Бейнежазбадан Олимпиада жүлдегерлеріне қандай көлік тарту етілгенін көруге болады.