Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар мұнай-химия зауытына 1 миллион теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2017
  • 2164

Павлодар мұнай-химия зауытына 1 миллион теңге айыппұл салынды. Әкімшілік соттың қаулысына сәйкес, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауда заң бұзушылықтарға жол берілген. Тексеру барысында оқу орталықтарындағы автоматты өрт сөндіру дабылқаққыштарының жөнделмегені анықталды. Өрт орын алған жағдайда адамдар шығарылатын жерлерде құтқаруға кедергі болатын биіктіктер табылған. Ал, мұнай өңделетін кешен автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталмаған. Тексеру қорытындысына сай 25 заң бұзушылық әшкереленді. Кәсіпорын өкілдері кемшілікті мойындайды, тек оларды жою үшін қомақты қаражат қажет екен.

Гүлжихан Ақшалова, Павлодар облыстық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз хатшысы:

Сот қаулысымен «Павлодар мұнай-химия зауыты» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабының 2-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 млн 60 мың 500 теңгеге әкімшілік айппұл жазасы қолданылды.