Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2024
  • 230

15 қыркүйекте Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан өрт шығып, құтқарушылар 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Исатай Тайманов көшесі бойындағы тоғыз қабатты үйде 7-қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаздары өртенген. 

"ТЖД күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде сөндіріліп, оттың басқа үй-жайларына таралуға жол берілмеді. Қызыл жалын 12 шаршы метр алаңды қамтыды. Сондай-ақ, баспалдақпен 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болуды, ащы түтінмен бірнеше тыныс алу адамды өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін еске салады.