Бұл туралы Ұлттық Банктің «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма басшысы мәлімдеді
Қазақстанда 2025 жылдың басында барлық банк үшін бірыңғай QR-код іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Instagram парақшасында Ұлттық Банктің «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма басшысы Бинұр Жаленов мәлімдеді.
«Биыл банкаралық аударымдар мүмкіндігін телефон нөмірі бойынша (және ірі банктерде), ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR арқылы қосамыз деген жоспар бар», – деп жазды Бинур Жаленов.