Ұлыбританияда әйел адам бір баланы екі рет дүниеге әкелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, дәрігерлер жүктіліктің ерте кезеңінде әйелге іштегі шарананың омыртқасы қысылып туылуы мүмкін екенін айтқан. Ауру асқынып кетпес үшін әйел жүктіліктің алтыншы айында «тууға» келісім береді – дәрігерлер ота арқылы шарананы шығарып, омыртқасындағы ақауды түзеткен соң ана құрсағына қайта салған.
Кейіннен, нәресте толық жетілген соң 38-аптада толғақ арқылы дүниеге келген. Артынша сегіз күн жансақтау бөлімінде жатқан шақалаққа бірнеше ота жасалады. Дәрігерлердің айтуынша, бала ешқашан жүре алмауы мүмкін.