Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қатерлі ісікке күдік бар": Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 152

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады.

“Үш-ақ сағаттық ұйқымен ауруханаға келдім. Менің медициналық тексеруден өтіп жүргенімді білесіздер. Маған қатерлі ісікке күдік бар деп айтқан. Биопсия тапсырдым. Бірақ таза шықты. Аллаға шүкір! Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр”, – деп жазды айтыскер ақын.