Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте баланы таяқпен ұрып, "тәрбилеймін" деген күзетші бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2024
  • 278

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жеке меншік компанияда жұмыс істейтін күзетші өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, қызмет барысында берілген арнайы құрал, яғни, «резина таяқшасымен» жасөспірімнің басы және кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулыққа «жеңіл» дәрежелі зиян келтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының дерегінше, айыпталушы «G» атты ЖШС-да күзетші болып істеген. Ол 2024 жылдың 28 маусымында сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағын тексеріп жүріп, жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған.

«Баланың кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқшасымен оның басы мен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады», - делінген сот хабарламасында.

 И есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.