Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «AMANAT» партиясының «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

Алматыда «AMANAT» партиясының «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Тазалық акциясы Ахмет Байтұрсынов атындағы саябақта 50-ге жуық белсендінің қатысуымен өтті. Еріктілер айналаны қоқыстан тазартып, мәдени мұрамызды сақтап қалу жолында ескерткішті тазалап, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Сондай-ақ тазалық жұмыстарынан соң қоқыстар сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. 

ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Енді бұл экологиялық акцияның негізгі мақсаты жалпы халықты, қала тұрғындарын, жастарды экологиялық жастар арасында экологиялық мәжениетті қалыптастыру болып табылады. Бүгін енді міне Ахмет Байтұрсынов атындағы сквердеміз жалпы осы экологиялық акцияның аясында тарихи табиғи обьектілерді, парктерді скверлерді тазалық жұмыстарын жүргізіп қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз.