Русский Сайттың толық нұсқасы

«Әйелдер ер азаматтармен иық тіресе, саясатқа араласуы керек», - депутат

«Amanat» партиясының «Томирис» жобасы аясында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» атты тренинг өтті. Жоба Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Amanat» партиясы Саяси басқару академиясының қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның іріктеуінде қабылданған қатысушылар алдымен парламентте тағылымдамадан өткен. «Томиристің» басты мақсаты – әйелдерді саяси мансапқа үздіксіз жаттықтыру, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру. Одан бөлек, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге ықпалды әйелдерді дайындау. 

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі күн әйелдерге толыққанды білім беріледі. Парламент мәжіліс депутатының қызметі қандай, депутаттық сауалдар қалай жасалады, заң жобаларына норма жасау дегеніміз не, норма енгізу дегеніміз не, жалпы үлкен саясатта ер азаматтармен иек тіресіп, бәсекелестік жасау дегеніміз не. Соның барлығын біз егжей-тегжейлі үйретеміз. Бұдан бөлек әйелдер үйлеріне үй тапсырмасын алып кетеді. Сол тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін соладың ішінен біз жайлап тағылымдамаға шақыратын боламыз.