Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 1700 литр алма шырыны қайнатылып, Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді

Алматыда қала күніне орай «Apple fest» фестивалі өтті. Елеулі мереке биыл 13-рет ұйымдастырылды. Бұл жолы ашық алаңда 1700 литр алма шырыны қайнатылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Айта кету керек, компот сатылымынан түскен қаржы қала саябақтарына құс ұяларын, жем-шөптер мен көшеттер алуға жұмсалады. Жәрмеңкеде әр түрлі сорттағы 130 тонна хош иісті жемістің сан алуан түрі қойылды. Мерекелік шарада 100 мыңнан аса адам көңіл көтерді. 

НАТАЛЬЯ РАСТОРОВНОВА, «APPLE FEST» ФЕСТИВАЛІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Бүгін 45-тен аса шаруа қожалық өз өнімдерін таныстырып жатыр. 130 тоннадан астам алма сатылды. Көптеген фото зона, тағамдардың түр-түрін, арнайы кинотеатр, цирк дайындадық. Тұрғындардың Алматының туған күнін естен кетпестей атап өткенін қалаймыз. Бүгін 1700 литр алма шырынын қайнаттық. Процесті арнайы видеоға түсіріп алып, онлайн түрде тіркеп қойдық. Біздің аспаздар осындай нәтиже үшін 20 сағатын жұмсады.