Русский Сайттың толық нұсқасы

"Энергия тапшылығы экономикамыздың дамуына кедергі болып жатыр", - сарапшы

Атом электростанциясы - сенімді һәм ұзақ мерзімді энергия көзі. Тіпті жүз жылға дейін тұрақты тұтынуға болады. Сырттан сатып алмаймыз. Бастысы, бюджеттен жүздеген млрд доллар үнемделеді. Толығырақ Сүндет Оралбек тарқатады. 

Елімізде электр энергиясына деген тапшылық күн сайын артып барады. Сондықтан оны өзге мемлекеттен импорттауға мәжбүрміз. Энергетикалық әлеуетті арттыру үшін атом станциясын салу кезек күттірмейтін мәселе. Cарапшылар АЭС экономикамыздың қарыштап дамуына жол ашатынын айтады. Өйткені, қазір барлық саланы дамытуға қуат көзі ауадай қажет. Онсыз алға бір қадам басудың өзі мұң. 

МАХАМБЕТ АМАНГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Шын мәнінде, бұл бізге әркімнің халықтың әлеуетін көтеру үшін жасалып жатқан түсіндіру үшін ақша мәселесінде 1КВт қазір неше тенге болады. Біз қазір 9 теңгемен өзіміз сатамыз. Пик уақытында көршілерімізден 25 теңгеден сатып аламыз. Сол себепті экономикамыздың дамуына кедергі болып жатыр.

Қазақстанды толық электр қуатымен қамтамасыз ету үшін кемінде үш ядролық қондырғы орнату қажет. Мамандар осылай дейді. Әсіресе соңғы үлгідегі станция қажет.Ол қауіпсіз әрі тұрақты электр қуатын өндіреді.Тағы бір артықшылығы ауаның ластануы өте аз мөлшерде болады. Ал дәстүрлі энергия көздері болса жыл сайын атмосфераға 300 мың тонна зиянды заттар шығарады. 

ВЯЧЕСЛАВ ГНЫРЯ, ҚР «ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біріншіден тұрақты базалық электр қуатымен қамтамасыз етеді. Күнге, желге тәуелді болмағандықтан, өзіне тиесілі қуаттылықты беріп тұрады. Екіншіден мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру біз үшін біз үшін үлкен тәжірибе.

Мамандар егер АЭС салынса бюджетке түсетін салық түсімдері артатынын айтады. Сондай-ақ, қуат көзін қымбат бағамен шеттен сатып алу азаяды. Электр энергиясының құны қолжетімді болады. Себебі, 4 жарым грамм ядролық отын 400 грам көмірді, 410 литр мұнайды немес 360 метр куб газды алмастыра алады. Бұл өте тиімді дейді.