Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ ЕО-тан Венгрияға босқындар жіберуді тоқтатуды сұрады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2017
  • 2028

БҰҰ Еуроодақ елдерінен Венгрияға босқындар жіберуді тоқтатуды сұрады. Себебі ел билігі оларды шекарадағы жабық лагерлерде ұстайды, деп хабарлайды Рейтерс. Бұл заңды шара, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің пікірінше, ол еуропалық және халықаралық заңнамаға қайшы.

Венгрия парламенті босқындар туралы заңға енетін өзгерістерді наурыз айының соңында қабылдаған. Енді билік белгісіз мерзімге дейін адамдарды шекарадағы аймақтарға орналастыруды сұрайды. Сәуір айының басында ол жерде 100 адам болды. Арасында қараусыз екі бала бар.