Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысындағы мектепте асхана қызметкерінен стафилакокк ауруы анықталды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 188

Маңғыстау облысында оқушылардың тамақтан улану дерегі бойынша зертханалық зерттеу қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Мұнайлы ауданы Бесшоқы тұрғын-үй массивінде орналасқан № 8 жалпы білім беру мектебінде «Топтық тағамнан улану» дерегі тіркелген. Нәтижесінде 460 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Астан ұшыну фактісі анықталғаннан кейін Маңғыстау облысының ұлттық сараптау орталығының зертхана мамандары өңірде эпидемиологиялық жоспардан тыс тексеру жүргізді. Зертханаға дайын тамақ өнімдері, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық тексеруге сынамалар алынған. Нәтижесінде бір асхана қызметкерінен стафилакокк ауруы анықталды. Жағдай бойынша Мұнайлы аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– Мектеп асханасында жұмыс жасайтын 10 қызметкерден, 1 медициналық қызметкерден және 1 жеке кәсіпкерден алынған бактериологиялық тексеруге нәтижесінде 6 маманнан стафилакокк таяқшалары анықталды. Мектеп асханасы қызметкері, ыдыс жуушы– дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені зертханалық түрде дәлелденді, сонымен қатар осы қызметкердің балаларға ас таратушыда болып қызмет атқарып, тамақты ластағаны дәлел болды, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.