Қарағандыда Тәттімбет атындағы өнер колледжіне қолайлы ғимарат берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, онда студенттерге қажетті жағдайдың барлығы жасалмақ.
Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:
«Егер біздің талантты жастарымыз халықаралық конкурстарға дәлізде дайындалып жататын болса, ол біздің тарапымыздан қандай қамқорлық, қандай тәрбие? Бұған дейін де біліп келдім. Бірақ бүгін өз көзіммен көріп отырмын. Сондықтан таяу арада өз шешімін табатынына сенімдімін».
Жақсыкелді Кемалов, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
«Бұл
жерде биі де бар, хор, оркестр да бар. Оларға сәйкес келетін класстар керек. Би, мысалы, еденге байланысты. Ал бірақ осының бәріне сәйкес келетін класстар жоқ.
Ұстаздар
қауымы жылдар бойы талай шенеуніктің қолынан келмеген мәселе бұл жолы түбегейлі
шешіледі деген үмітте. Еске салсақ, осыдан екі ай бұрын Тәттімбет атындағы өнер
колледжінің 15 жылдан бері әр ғимаратқа
бір көшіп жүргені туралы жаңалықтарымза хабарлаған едік. Бұрынғы ғимаратын
облыстық сот иемденген соң, колледждің мекен-жайы 4 рет өзгерген. Ақыры ескі қан
орталығына тұрақтады. Ал, бұрынғы медициналық мекеме болашақ әншілер мен күйші,
бишілерді даярлауға мүлде қолайсыз. Студенттер дәліз бен жатақханаларда дәріс
алуға мәжбүр.