Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қайтыс болғандардың арасында кәмелет жасына толмаған бала да бар. Әзірге мәселенің мән-жайы белгісіз. Аталған дерек Кеген аудандық полициясына тіркеліп, мүрделер мәйітханаға жеткізілді.
МЕРУЕРТ МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл дерек Кеген ауданының полициясына тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.