Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да «Қаладан ауылға!» жобасы аясында жастарға баспана берілді

Батыс Қазақстан облысында «Қаладан-ауылға» жобасы аясында жас отбасылар баспаналы болды. Ауылдан жырақтаған ағайынға туған жерге туын тігуге шақырған бұл бастама облыста қарқынмен жүргізіліп жатыр. Туған өлкеге қайта табан тірегендердің алғашқы легін құшақ жая қарсы алған ауылдастары олардың төрт түлік малын да түгендеп берді. 

Казталов ауданына "Қаладан ауылға!" жобасы аясында 16 үй сатып алынған. Ауылға оралған отбасылардың балалары балабақша мен мектепке орналастырылып, өздері жұмыспен қамтылған. Сүндетовтер отбасы да туған жерге бас тіреп, жаңа үйдің кілтін қолға алды. Өзектен теппей, өзіміз деп құшақ жая қарсы алған ауылдастарына дән риза.

ӘЛИЯ СҮНДЕТОВА, ТҰРҒЫН:
Қалада тұрғанымызда біздің баспанамыз болған жоқ мүлдем. Ауылдық жерде қауіпсіз. Транспорт жоқ. Мектепке өздері барып-келеді. Қалада біздер жолдасым екеуміздің біреуіміз жұмыс істейтінбіз. Әрине жолдасым жұмыс істейді. Мен бала тасумен тек қана үйде отырған едім. Қазіргі таңда жұмысқа шығуға мүмкіндігіміз бар
Ауылға оралған жастарға жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп, баспанамен қатар, төрт түлік малын да түгендеп, сертификатын қолына ұстатты.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БҚО ӘКІМІ:
Қазір жемісін көріп жатырмыз. Келесі жылы арнайы осы бағдарламаға қаражат бөлеміз. Келесі жылы бұдан да жақсы көбірек үй салуымыз керек. Қалада жұмыс жоқ немесе тұрғын үй жоқ деп қиналып жүрген азаматтар неге елді келіп көтермеске?
Казталов ауданындағы қуанышты Қайыңды ауылында ашылған мәдениет үйі мен спорт залы да еселей түсті. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бір мезгілде 300-дей бала спортпен айналыса алады.