Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылықтар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайды

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2017
  • 2906

Қарағандылықтар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайды. Ғылыми еңбекті талқылаған облыс активі осындай пікір білдірді.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Бұл қазіргі уақыт талабы. Елбасы алдында экономикалық жаңғыру, технологиялық жаңғыру, саяси жаңғыруды айтты. Біз енді рухани жаңғыруымыз керек.

Елбасы 6 басым бағытты атап көрсеткен. Олар - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы, эволюциялық  даму және сананың ашықтығы. Президент қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жаңғырта отырып, бәсекеге қабылетті ұлт ретінде қалыптасуын көздейді, - дейді зиялылар. Әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару, Қазақстанның үздік 100 есімін жариялау туралы тапсырма да аса маңызды десті.

Серік Ақсұңқарұлы, ақын, Қазақстан журналистер одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

Біз бұл сөзді күткелі 26 жыл болды. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірдік. Экономикамыз жақсы. Фундаментіміз мықты. Елбасымыз оны біліп отыр. Енді рухани жаңғыруымыз керек. Оның дәстүрін білуіміз керек.

Айжан ҚУАШ