Русский Сайттың толық нұсқасы

“Енді ұрттамаймын“. Мақпал Жүнісова тыңдармандарына сөз берді

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2024
  • 481

Жақында әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарының талқысына қалған танымал әнші Мақпал Жүнісова тыңдармандарының өтінішіне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушылары видео жариялаған әншінің сөйлеу мәнері мен сөздеріне қарап, оны мас күйде отыр деп топшылаған болатын.

Желіде талқыға түскен жағдайға байланысты өнер адамдары түрлі пікір білдірген еді. 

Жақында Мақпал Жүнісова "Жанымды менің ұғыңдар" атты әнін орындаған архивтегі видеосын жариялады. 

Әншінің желідегі бір оқырманы видеоның астына "Құрсын, ішпеңізші" деген пікір қалдырған. Мақпал Жүнісова болса оған: "Ішкен жоқпын, ұрттадым. Енді ұрттамаймын", - деп жауап берген. 

"Күз айы - мен үшін депрессия" деп сырын ақтарған Мақпал Жүнісоваға "Менің де жаным жаралы, қалай кездесуге болады Мақпалжанмен?" деп сырласқан оқырманына әнші: "Мықты болыңыз. Екі жаралы кездессек, тіптен қуып кетуіміз мүмкін", - деп жауап берген. Әншінің бұл әзіліне сүйсінген халық "Әлі де болса әзілін қоймапты, бұл - жақсылықтың белгісі" деген пікір білдіріп жатыр. 

Тыңдармандары өнер иесіне қолдау білдіріп жатқаны анық байқалады. Негатив пікір өте аз.  

"Күйік ұрттатып қояды арасында, мен түсінем жараңызды", "Жаным сол, Мақпал, сізге бәрі болады. Арасында ішуге де болады. Айтарлықтай ештеңе болған жоқ қой", "Не ішсеңіз де жұмысым жоқ. Тек жарқырап жүрген жұлдыз екеніңізді жақсы білемін", "Мұндай дауыс иесі ішпеуі тиіс. Ішпеңіз" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.