Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Созақ ауданында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Бүкіләлемдік Тазалық күніне орай, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Созақ ауданында ауқымды шара ұйымдастырылды. Оған аудан тұрғындары, белсенді жастар біркісідей жұмыла қатысты. Аудандық ардагерлер алқасы бастаған топ «Ысқақ баб» кесенесінің айналасында шашылған қоқыстарды жинап, киелі мекен аумағын қураған шөптерден тазартуға атсалысты. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. 

САДЫҚ ӘБДІРАШҰЛЫ, ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әр ауланың тазалығы қазір әжептеуір жөнге салынды. Әр отбасының тек өзінің отының басы ғана емес, соның маңайындағы жолдың тазалығына, қағаздардың, малдың қиының , басқа да түрлі заттардың шашылып жатуына жол бермей осыны іске асырып жатыр. Елдің тазалығы - ол адамдардың денсаулығына, адамның мәдениетіне, адамның көзқарасына үлкен әсері бар екендігі белгілі.