Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің Ақтөбедегі филиалы басшысының әйелі талапкерлерден ақша алып отырған. Оқуға түскісі келгендер оған 100 мың теңгеден бастап бір жарым миллион теңгеге дейін берген. Алаяқтық әрекеті үшін ол 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды. 47 жастағы келіншек 25 адамнан ақша алған. Ол өзі университетте жетекші маман болып жұмыс істеген. Оқу орнын әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, оған хабарласқан талапкерлердің ақшасын өзіңе алып отырған көрінеді. Сот отырысында сотталушы осы қаражатпен отбасын асырап отырғанын айтқан.
ЖАНСАЯ ТАЙЫРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАС МАМАНЫ:
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерімен азаматша Т. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге педагогикалық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды. Сотталған жыл сайын жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.