Астанада күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл 1200-ге жуық жас сапқа тұрмақ. Сарбаздардың алғашқы легін шығарып салу рәсімі өтті. 30 жас құрылғанына 100 жыл толатын Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара басқармасында мерзімді әскери борышын өтейді. "Жігіттер қару-жарақ пен әскери техниканы басқару машығын үйреніп қана қоймай, шынығып, шымыр болады" дейді департамент өкілдері.
Ғани АРТЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӨКІЛІ:
Алдыменен еліміздің ҰҚК шекара қызметіне сарбаздарымызды талықтыру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Одан кейін Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі, мемлекеттік күзет қызметі де өз кезегімен жас сарбаздармен толықтырыла бастайды. Қорғаныс қабілеті жоғары болуы үшін жастарымыз әрқашанда әскери паториоттық тәрбие алып, ел қорғайтын азаматтар саны көп болғалы отыр.