Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында Chevrolet Cobalt көлігі мен Audi автокөлігі соқтығысты. Оқиға орнында жолаушы жан тапсырды. Полицияның мәліметінше, тіркемесімен жүйткіген Audi жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол ортасына көлдеңінен тұрып қалған. Ал оның соңында келе жатқан Cobalt жүргізушісі айналып өтуге үлгермеген. Қатты соққыдан көлік жол шетіне аударылып, өртеніп кетті. Жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. 

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.Екі көліктен екі жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен медициналық пункте жеткізілді.ергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеудеү.ЖКО барлық мән-жайы анықталуда.