Жыл соңына дейін 300 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің отырысында айтылды. Бүгінде ел тұрғындарының 60%-ы көгілдір отынмен қамтылған. Бұл -шамамен 12 миллион адам. Елдімекендерге газ жеткізу жұмыстары әлі жалғасады. Үйлерге газ кіргізу жұмыстары қазір біршама жеңілдеген. Шикізат қоры да жеткілікті.
ӘЛІБЕК ЖАМАУОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтайда берілген ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында “Самұрық қазына” қаражатынан қосымша 105,1 млрд теңге бөлінді. Жалпы жыл қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ету және газдандыру деңгейіне 61,8% жету жоспарланып отыр.