Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік ПД мәліметінше, 7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен 3 жастағы Алдиярдың денесі арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен табылған.
«18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ», - делінген ПД хабарламасында.
Бұған дейін Көксу бекетінде жоғалған баланың табылмай жатқаны туралы хабарланған болатын.