Ливанда пейджерлер жарылып, адамдар зардап шеккен күннің ертеңіне тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі Ливанның аймақтарында бірнеше жарылыс болған. Соның салдарынан кемінде 9 адам мерт болып, 300 адам жарақат алған. Бұл «Хезболла» мүшелері ұстап жүрген пейджерлер жарылып, 12 адам мерт болғаннан, мыңдаған адам жарақат алған күннің ертеңіне болған оқиға. Ливан топтары кемінде 200 адамның өміріне қауіп төндірген бұл әрекетке Израильді кінәлап, енді олардан кек аламыз деп отыр. Израиль тарапы бұл жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.
Израиль Газадағы мектепке жасалған шабуылға байланысты 8 адамды атып өлтірді. Ал кейінгі 24 сағатта анклавта 20 палестиндік көз жұмды.
Израильдің Газа сеекторындағы соғысы кезінде барлығы 41 272 адам мерт болып, 95 551 адам жарақат алған.
Израильде ХАМАС-тың 7 қарашадағы шабуылынан кейін өлгендер саны 1 139 адамға жетті, 200-ден астам адам тұтқындалған.