Русский Сайттың толық нұсқасы

Заң жобаларын талқылауға әрбір адам қатыса алады

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2017
  • 2486

Заң жобаларына қатысты кез-келген адам пікірін ашық білдіре алады. Бұл құжаттар интернетте жалпы талқылауға шығарылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Әділет министрі осылай деді. 

Бекетаевтың мәліметінше, Парламент қарауына екінші тоқсаннан бастап 28 заң жобасын ұсыну жоспарда бар. Президент ведомство қызметіне оң баға берді. Бұған дейін жұртшылық заңның аты мен заты туралы тек Мәжіліс қабырғасына келіп түскенде бір-ақ естіп-білетін. Қазір legalacts.egov.kz сайтына елдегі барлық заң жобалары, Үкімет қарарлары мен әкімдердің бұйрықтары шығады. Заң жобалары пікір жинау үшін, 10 күн ілініп тұрады. Онда әр бапқа қатысты «пікір қалдыру» тетігі жұмыс істейді.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:


Әділет министрлігі нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ресми мәтіндерін жалпыға бірдей және тегін негізде халыққа қолжетімді етті. Енді әділет органдарына жүгінбей-ақ, нормативтік актілердің ресми мәтіндерін интернет арқылы алуға болады.