Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Сирияда химиялық қару қолданылуы мүмкін деген фактіні объективті тергеуге шақырды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2017
  • 2655

Қазақстан Сирияда химиялық қару қолданылуы мүмкін деген факті объективті тергелу керек деп есептейді. Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Қайрат Әбдірахмановтың пікірі берілген. Министр Қазақстан Сирия қақтығысын бейбіт жолмен шешу  ұстанымына берік,-дейді. Барлық мүдделі тараптардың қатысумен Астана процесі шеңберінде Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар арасында келіссөздерді жалғастыруға шақыратынын хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын қолдануды адамгершілікке жат және адамшылық қағидаттарына қайшы әрекет ретінде үзілді-кесілді айыптайды. Бұл факті бойынша кінәлілерді жауапқа тарту үшін БҰҰ аясында халықаралық, жан-жақты объективті және әділ тергеу жүргізуді маңызды деп санаймыз.

Еске салайық, 4-ші сәуірде Сирияның Хан-Шейхун қаласы белгісіз газбен толтырылған снарядтардың астында қалды. 70-тен астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Оның 20 шақтысы бала. АҚШ пен әлемдік қауымдастық бұған ел билігін айыптаған. Ал екі күннен соң Вашингтон Шайрат әуе базасына шабуыл жасады. АҚШ президенті Дональд Трамптың пікірінше, химиялық атқылау дәл сол базадан жүргізілген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ