Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында газ жарылып, бірнеше үй зақымдалып, бір үй қирады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үй иесі қайтыс болған.
"Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
БАҚ беттеріндегі мәлімет бойынша, жарылыс болған уақытта үйде тоңазытқыш жеткізумен айналысып жатқан ер адамдар болған. Олар жарылыс болған уақытта бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.