Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді мопедті тіркеу міндеттеледі

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2024
  • 1105

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжат жекелеген көлік түрлерінің, оның ішінде мопедтердің жүруін ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді құқық жағынан реттеуді және Қазақстан аумағында жол қауіпсіздігін цифрландыруды көздейді.

Заң 3 заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық кодекске және "Жол жүрісі туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Қылмыстық кодекске мопедтерді "басқа механикалық көлік құралдары" ұғымына жатқызуға қатысты түзету ұсынылады (3-баптың 8) тармағы).

"Жол жүрісі туралы" заңға келесідей түзетулер енгізіледі:

"Орташа жүру жылдамдығы" ұғымы енгізіледі және оны есептеу тәртібі көзделеді (көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалады).

Осы ұғымды енгізу сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары орнатылған жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жылдамдық режимін асыру салдарынан болатын көлік апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Бұл ретте "орташа жүру жылдамдығын" көрсетілген аспаптар мен құралдар автоматты түрде айналма жолдар жоқ жолдардың қала сыртындағы және түзу сызықты учаскелерінде ғана есептейді. Осыған байланысты мұндай нұсқамаларға шағымдану тәуекелдері айтарлықтай азаяды деп жоспарланып отыр.

"Орташа жүру жылдамдығын" өлшеу кезінде құқықбұзушылықты тіркеу уақыты мен орны қолданыстағы құқық қолдану практикасына ұқсастық бойынша камералар арқылы (уақыт аралығы мен жол учаскесінің бөлігі ретінде) анықталады.

2. Мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі.

Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес барлық мопедтер тіркеуге жатады (қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын);

Мопедті басқару құқығы "А1" кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал "А" және "В" санаттарының болуы да мопедті басқару құқығын растайды деген норма көзделеді;

3. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткі немесе мас күйде басқаруы немесе Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 613-бабы (алкогольдік, есірткі немесе мас күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған адамдарға қатысты тиісінше 7 немесе 8 жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға, емтихандар тапсыруға жіберуге тыйым салу енгізіледі;

4. Қолданыстағы хабарлама тәртібінің орнына техникалық қарап-тексеру операторы қызметіне арналған рұқсат беру тәртібін енгізіледі.

Мопедтерді мемлекеттік тіркеуге, техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібіне көшуіне қатысты нормалар заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін 6 айдан соң қолданысқа енгізіледі.

Заңды мақұлдау кезінде төмендегі нәтиже күтіледі:

Қазақстанның аумағында жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру;

Мопедтерді пайдалануды құқықтық реттеуді қамтамасыз ету;

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту;

Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін реттеуді қатаңдату.