Теміртауда бөтеннің көлігінен қомақты ақша ұрлаған жасөспірімдер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 13 және 14 жастағы жасөспірімдер ұсталды.
Жасөспірімдер түнгі уақытта қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөліктің ішіне кіріп, одан 4 миллион теңге ақша ұрлап кеткен.
Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындады. Тәртіп сақшылары айғақ заттарын тәркіледі.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.