Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі кәсіпорынның кәрізінде жұмысшының денесі табылды

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2024
  • 125

Өскемен қаласындағы кәсіпорынның нөсер кәрізінде жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы шағын кәсіпорындардың бірінде болған. Жұмысқа өз ауысымына келген жұмысшы әріптесін таппай, іздей бастаған.

"Көп ұзамай ер адамның денесі нөсер кәрізінен табылды. Сол жерге полиция қызметкерлері шақыртылып, тергеу басталды. Сараптама нәтижесінде, марқұмның алкоголь ішкеннен кейін болатын обструктивті механикалық асфиксиядан қайтыс болғаны анықталды", - делінген ақпаратта.