Русский Сайттың толық нұсқасы

Азаматтардың медициналық деректері бір жүйеде сақталатын болады

Соңғы кездері ақ халатты абзал жандардың көп уақыты науқасты емдеумен емес, құжат толтырумен кетеді. Мемлекет басшысы өз жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Жауапты министрлікке ортақ жүйе жасауды тапсырды. Ведомства өкілдері келер жылдан бастап мұндай мәселе болмайды дейді. Сырқат адамның емделу тарихы, медициналық талдаулары бір көзде жиналатын болады. Сондай-ақ цифрландырудың тағы бір тиімді тұсы - мемлекеттен және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан бөлінетін қаржыны бақылауға мүмкіндік болады. 

МАРАТ ХАВСЕМЕТ, МӘМС ҚОРЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басым көпшілігі сол ақпараттық жүйеге енгізіледі. Дәрігерге жазылу, направление беру немесе емделген жағдай бар. Соған түскен ақпараттың барлығы денсаулық сақтау министрлігінің мен айтып өткен 5-6 ақпараттық жүйесіне түседі де, содан кейін біздің төлем жүйесіне келіп түседі. Азаматтардың төлеп отқан жарнасының қай жаққа кетіп жатыр, қандай мақсатта жұсалып жатыр, оның барлығы ашық түрде.