Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың белсенділері тұрғындармен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың белсенділері оралдықтармен кездесті. Атом электр стансасы туралы түрлі дерек айтып, пікірін білді. Тұрғындар да белсенділік танытып, көкейде жүрген көп сауалын қойып, қуат тәуелсіздігі толғандырып жүргенін жеткізді. Референдум- халық таңдауы таразыға түсетін маңызды шара. Сондықтан өңірдегі өндіріс орындарында штабтар құрылған. 

АРХАТ ИСЛАМҒАЛИЕВ, АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Алғашқы жұмысымызды осы көпқабатты үйлерден бастап отырмыз. Себебі керек нәрсе. Біз бұл көпқабатты үйлердің барлығы электр энергиясына тәуелді. Үй-үйді аралағаннан бөлек, сауда үйлерінде немесе кездесулерде халықтың  пікірлерін де естіп жатырмыз.

Шымкенттік белсенді жастар қала тұрғындарын референдум туралы ақпараттандырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. “Есіктен есікке” акциясы аясында уйлерге, саябақтарда, көшелерде және сауда орындарында лифлеттер таратуда. Сонымен қатар, халық көп шоғырланған орындарға, стэндтерге, кәсіптік орындарға ақпараттық плакаттар ілу шаралары қарқынды жүріп жатыр. 

БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы бұл белсенді жастардың негізгі міндеті халық арасында барынша ақпараттандыру, +Біздің Шымкент қаламызда 5 аудан бар. 5 ауданға жастардың барлығын үйлестіргенбіз.