Алматы облысында ауылдар арасында қатынайтын автобустан кондуктор құлап кетіп, тіл тартпастан көз жұмды. Қайғылы жағдай Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында болған . Әйел адамның қалай құлап кеткені белгісіз, ол туралы ресми ақпарат жоқ. Алматы облысы полиция департаменті қазіргі уақытта істің анық-қанығын бағамдап жатқанын хабарлады.