Биыл -халық ақыны Қонысбай Әбілдің туғанына 70 жыл. Елорда төрінде осыған орай "Әй-әй" ақын әлдиі» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға ақынның отбасы мен достары, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер, өлеңсүйер қауым қатысты.
Қонысбай Әбілда- Қазақстанның халық ақыны ғана емес, көрнекті қоғам қайраткері, журналист, сатирик, композитор. Ол қазақ мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттауда көп тер төкті. Ұлтымыздың ұлы өнері – ақындар айтысының өркендеп дамуына қомақты үлес қосты. Сондай-ақ ол Астанада алғаш рет мемлекеттік тілді дамыту ісінің негізін қалады.
СӘКЕН ЕСІРКЕП, ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қонысбай Әбіл ағамыз қазақта санаулы ғана халық ақыны болса қазақстанның соның бірі. Және ол өзінің соныңда өршіл өлеңдерімен қатар ақындық мектеп қалыптастырды. Сонымен қатар шығармашылықпен қатар мемлекеттік қызметте еңбек етіп көп жылдар бойы соныңда із қалдырды. Жалпы Астана қаласының қазақылауына, қаламыздың рухани дамуына, рухани келбетінің жақсаруына көп үлес қосқан азамат.
Еске алу кешінде қаламгердің шығармалары көрермен назарына ұсынылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар сахна төрінде Қонысбай Әбілдің шәкірттері өнер көрсетті.
Еске алу кеші Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтті. Шараға жиналған халықтың қарасы қалың. Жұбайы Мунира Богусова естеліктер айтып, келген халыққа, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
МУНИРА БОГУСОВА, Қ. ӘБІЛДІҢ ЖҰБАЙЫ:
Өте тамаша өтті кеш. Ешқандай артық ештеңе жоқ. Мен разымын. Өзінің тірісіндей сондай сезініп тұрмын. Біздің міне 70 ке толатын тойымызды тойлайтын едік. Отау құрғанымызға 50 жыл алтын тойымызды тойлайтын едік. Бір ғана кемші дүние осы 70 ке жете алмады. Алтын тойымызды тойлай алмадық.
Кешке жиналғандар қимастықпен тарқасты. Шараның өтуіне қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы сеп болды. Айта кетейік, ақынының алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде -ақ республикалық газет-журналдарда жарияланды. 7 кітабы жарыққа шыққан.