Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында бір күнде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

Қарағанды облысында бір күнде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды. "AMANAT" партиясының бастамасымен өткен «Таза бейсенбі» акциясына бүкіл қала тұрғындары қатысты.

Партия мүшелері, мәдениет үйлерінің қызметкерлері, студенттерден құралған 100-ге жуық ерікті қала маңы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартты. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан “ Таза Қазақстан” акциясына әрбір аудан, ауыл халқы белсенді қатысуда. 

ҚЫМБАТ СҮЛЕЙМЕНОВА, БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

““Amanat” партиясының мүшелерімен бүгін таза бейсенбілікке шықтық. Барлық қаоағандылықтарды , қала қонақтарын осы акцияға ат салысуға шақырамын. Тазалық денсаулық кепілі дейді ғой. Әрбір Қазақстан азаматы үшін ол өте маңызды деп ойлаймын.”