Русский Сайттың толық нұсқасы

Отан қорғаушыларға мемлекеттік марапат.

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2017
  • 2503

Бүгін Мемлекет Басшысы Отан қорғаушылар күніне орай мемлекеттік марапаттар мен шен үлестірді. Президенттің қолынан генерал шенін алғандарың арасында  Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау  қызметтерінің жоғары шенділері бар. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы ел тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалермен марапаттады.

Биылғы Отан қорғаушылар күнінің ерекшелігі, ертең мемлекетіміздің Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл. Соған орай Астанада ертең керемет әскери парад та өтеді.  Салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1-шілдеден бастап әскери қызметшілердің жалақысы 25 пайызға артатынын айтты.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ел сүйсінген ерліктеріңіз, еңбектеріңіз келер ұрпаққа үлгі-өнеге болады. Жастар сіздерге қарап бой түзейді. Жоғары мемлекеттік марапатқа ие болу сіздер үшін үлкен мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта да бұл сенімнің үдесінен шығады деп сенемін!

Мұрат Майкеев, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, 1 дәрежелі Даңқ орденінің иегері:

Бұл бізге үлкен сенім, үлкен жауапкершілік, тек міндет - әскери дайындықты көтеру.

Берік Асылов, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры, 1 дәрежелі Даңқ орденінің иегері:

Офицерлерге, генералдарға Отан қорғаушылар күніне ұлы жеңіс күніне шын жүрегімнен жақсылық тілегім келіп отыр, әскерміз дамып, сондай қуанышты кезеңдеміз. Алдағы уақытта да сенеміз, әскерімізге!

Гүлпарида Байділдаева, Қорғаныс министрлігі әскери госпиталі басшысының орынбасары, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

Тыныштығымызды, бірлігімізді күн түн демей күзетіп отырған еліміздің қыраны ерлер, әскери қыз-келіншектер дендеріңіз сау болып, отбасыларыңыз аман болсын, ел тыныштығы әрқашан сақтала берсін.