Русский Сайттың толық нұсқасы

“Мені өлтіріп жатыр“. Ақтөбе облысында әріптесін атып жіберген қызметкерге үкім шықты

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2024
  • 294

Ақтөбе облысында әріптесін атып жіберген қызметкерге үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының №2 сотымен Қ.-ға қатысты абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық жасады деген айыппен қылмыстық іс қаралды (ҚК 371-бабының 2-бөлігі).

Сотталушы Қ., Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісінің көмекшісі, 9 маусымда бекітілген қызметтік жасаққа сәйкес тәулік бойғы кезекшілікте болған.