Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі жасар Алдиярдың дәріден уланып өлмегені анықталды

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2017
  • 2571

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданындағы бақилық болған екі жасар Алдияр Амангелді антибиотик дәрілерден уланбаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері арнайы ұйымдастырған брифингте мәлімдеді.

Басқарманың бөлім басшысы Айнаш Ғұбайдуллинаның сөзінше, қазір бұл іс жан-жақты тексеріліп жатыр. Тіпті қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үшінші комиссия құрылған. Осыған дейін құрылған екі комиссия да баланың антибиотик дәрілерден уланбағанын анықтапты. Енді бүлдіршіннің қалай, қандай жағдайда емделгені тексерілетін болады. Өйткені Бөкей орда ауданы дәрігерлерінің айтуынша, анасына стационарға жату жөнінде кеңес берілгенімен, ол үйден емделмек болған көрінеді.

Айнаш Ғұбайдуллина, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы:

Антибиотиктен уланған деген пікір - қате пікір. Себебі ондай көп антибиотик балаға тағайындалмаған. Тек қана бір антибиотик алған, ол да оральды антибиотик, «оспомакс» деген жеңіл антибиотик алған. Паталого-анатомиялық қорытынды шықты, онда дәріден уланған деген ұйғарым жоқ.

Айта кетелік, Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны Нұргүл Төлеуғалиева екі жасар баласы Алдияр Амангелдінің өліміне дәрігерлерді кінәлаған еді. Айтуынша, дәрігерлер баласын теріс емдеген. Қазір баланың өлу себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.